Бейсен Құранбектің анасы бақилық болды

0
1 628

Құранбектер әулеті жақында елдегі карантинге байланысты журналистің 27 маусымға белгілгенген қырық күндік асына көпшілікті шақырудан бас тартқандарын айтқан болатын.


Бейсен Құранбектің анасы бақилық болды

Жақында бүкіл Қазақ елінің қабырғасын қайыстырып, бақилық болған танымал журналист Бейсен Құранбектің анасы да көз жұмды. Бұл туралы хабарды журналист Өміржан Әбдіхалықұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бейсен Құранбектің анасы дүниеден озды деген суық хабар келді. Құранбек әулетіне Алла сабыр берсін! Ағайдың артынан анасына да аттаныпты. Ағайын-туыстары, жек-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз! Ана жүрек тоқтапты! Барша Құранбек әулетіне Алла үлкен сабыр берсін!", - деп жазды Өміржан Әбдіхалықұлы.

Айта кетейік, Құранбектер әулеті жақында елдегі карантинге байланысты журналистің 27 маусымға белгілгенген қырық күндік асына көпшілікті шақырудан бас тартқандарын айтқан болатын.