Сол үшін істі тергеу 5 жылға созылған.
Фото: Бас көлік прокуратурасы
ERNUR.KZ. Бас көлік прокуратурасы елімізде білікті мамандардың тапшылығы негізгі проблемалардың бірі екенін хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің әлсіздігіне байланысты 2019 жылы «БекЭйр» авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырауын тергеу 5 жылдан астам уақытқа созылды. Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. Білікті кадрлардың тапшылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі де бастан өткерген», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Прокуратураның бірқатар ұсынуларынан кейін Көлік министрлігі 2024 жылы өз қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру және тағылымдама курстарын шетелде де ұйымдастырып, тергеушілер штатын құруға кадрлық тәсіл қайта қараған.
Бұл белгілі бір дәрежеде Ақтау қаласы маңындағы Әзербайжан әуе компаниясының соңғы апатын тергеудің сапасы мен деңгейіне оң әсерін тигізді.