Bereke Bank автонесиелерді қайта қаржыландыру қызметін іске қосты

0
637

Бағдарламаның аясында қайта қаржыландырылатын автонесие бойынша өзіңізге төлеуге қолайлы болу үшін 7 жылға дейінгі мерзімді таңдай аласыз.


Bereke Bank автонесиелерді қайта қаржыландыру қызметін іске қосты

ERNUR.KZ. "Bereke Bank" АҚ (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) автонесиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Басқа банктердің және микроқаржылық ұйымдардың қарыз алушылары өздерінің автонесиелерін ай сайынғы төлемді азайту немесе қаржыландыру мерзімін қайта қарастыру арқылы қайта рәсімдей алады, деп жазады stan.kz.

Бағдарламаның аясында қайта қаржыландырылатын автонесие бойынша өзіңізге төлеуге қолайлы болу үшін 7 жылға дейінгі мерзімді таңдай аласыз. 10 млн теңгеге дейінгі қарыз сомасы бойынша табысты растау талап етілмейді, бұл – банк тарапынан клиенттерге берілетін тағы бір артықшылық әрі клиенттерге ай сайынғы төлемнің мөлшерін азайтуға көрсетілген қолдау.

Көлік иелері үшін қайта қаржыландырудың мынадай қосымша артықшылықтары бар:

  • кепіл шартын Bereke Bank-те тіркегеннен кейін мөлшерлеме 21,49%-ға дейін қосымша түрде азаяды;
  • жалпы артық төлемді азайту мүмкіндігі, себебі нарықта автонесиелер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 27%-дан 33%-ға дейінгі пайызды құрайды;
  • комиссиялар және сақтандыру бойынша жарналар жоқ.
"Жоғары пайызбен алған автонесиені төлеп жүрген көптеген көлік иелері өзінің қаржылай шығынын азайтып, сол ақшаны отбасының игілігі үшін немесе басқа да шұғыл қажеттіліктерге жұмсағысы келеді. Bereke Bank нарықтың қажеттілігін ескере отырып, автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Біздің Банктің клиенттері өздеріне тиімді шарттармен қолданыстағы қарызы бойынша сыйақы мөлшерін ғана емес, ай сайынғы төлемді де азайта алады, сонымен бірге өзіне барынша қолайлы төлем кестесін таңдап, төлемдер мерзімін ұзарта алады", – деді "Bereke Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

Қайта қаржыландыруға өтінімді Bereke Bank-тің Қазақстанның 17 аймағында орналасқан кез келген бөлімшесінде беруге болады. Өтінім мақұлданғаннан кейін Банк бұрын автонесие рәсімделген басқа банктегі немесе микроқаржылық ұйымдағы барлық берешекті өтеуге ақша аударады. Содан кейін қарыз алушы несиені "Bereke Bank" АҚ-та азайтылған жаңа мөлшерлемемен төлейді.

Қосымша ақпаратты бөлімшелерден және Bereke Bank-тің сайтынан, сондай-ақ 5030 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып алуға болады.

СЖТМ 23,74%-дан басталады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия.