​Бес облыста қатты аяз болады

0
1 039

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.


​Бес облыста қатты аяз болады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік территориясында жауын-шашын жауады, қалған бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін, деп жазады Baq.kz.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, жолда көктайғақ, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде көктайғақ болады. Түркістан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодардың кей жерінде, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты аяз күтіледі.