Бестөбеде шахтаға түскен ер адам тамаққа қақалып өлді

0
111

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша марқұм Ақтөбеден келген.


Бестөбеде шахтаға түскен ер адам тамаққа қақалып өлді

фото: АК "Алтыналмас"

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде шахтаға түскен ер адам тамаққа қақалып өлді, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам тамаққа қақалып өлген. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары қолға алынды", - дейді полицейлер.
Ал әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша марқұм Ақтөбеден келген. Шахтаға заңсыз түскен. Жерлесімен бірге шай ішіп отырғанда нанға қақалып қалған. Содан дем ала алмай, көз жұмған.