Бетперде киюді әлі ұят санайтындар жоқ емес - Тоғжанов

0
903

Ералы Тоғжанов карантин шараларын бұзғандарға қанша айыппұл салынатынын атап өтті.


Бетперде киюді әлі ұят санайтындар жоқ емес - Тоғжанов

ERNUR.KZ. Қазақстанда отбасылық жиындардан кейін 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қайтыс болғандары да бар. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Бүгінге келетін болсақ... вирустың ел ішіне кең тарауының негізгі себептері бар. Бұл халқымыздың ескертуге құлақ аспаған, немқұрайлығы болып отыр десем артық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мысалға келтіретін болсақ, тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн сияқты шаралар толып жатыр. Өздерің де куә. Осындай әр шараның соңында кемінде 20-дан астам адамның ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандары да мәлім", - деді вице-премьер ОКҚ өткен онлайн-брифингте.