Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.
ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі өткен аптада республика бойынша қанша қылмыс тіркелгенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бір апта ішінде 2580 қылмыс жасалды. Оның 1754-і тәулік ішінде ашылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.
Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.
Сонымен бірге, Нұрділдә Ораз орталық және бірқатар аумақтық полиция департаменттеріндегі кадрлық ауыс-түйістерді еске салды.