Наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 54 мыңнан астам адам тест тапсырған.
ERNUR.KZ. Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындылары жария болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәлімеінше, наурыз айындағы ҰБТ басталғалы бері 54 мыңнан астам адам тест тапсырған.
ОНЫҢ ІШІНДЕ
- Талапкерлердің 67%-ға жуығы шекті балл жинады;
- Орташа балл – 62 балл (бес пән бойынша);
- Ең жоғары балл – 139 балл;
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар 169 талапкер қатысты.
ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАР
Ереже бұзғаны үшін 37 адамның нәтижесі жойылды:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 26 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылды;
бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
ПӘНДЕР
Қатысушылардың 18,6%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,7%-ы «Шығармашылық емтихан», 13,3%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.
Наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.