Үкімет республика меншігінің кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады.
ERNUR.KZ. Қаулыға сәйкес "Көлік сервис орталығы" акционерлік қоғамының акция пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы "Темір Триумф" ЖШС ұсынысы қабылданды, деп жазады Stan.kz.
"Көлік сервис орталығы" АҚ – Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 50% республика меншігіне береді.
"Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ін береді.
"Көлік сервис орталығы" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғы капиталындағы қатысу үлесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі", - делінген қаулыда.