Ал, депутат Максим Рожин жалпы саяси жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп берді.
ERNUR.KZ. «Референдум-2026» онлайн-марафонында Парламент депутатары бірпалаталы Құрылтайдың қызметі тақырыбында әңгіме өрбітті.
«Болашақ Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстандағы ең жоғары мемлекеттік орган болады. Ол бір палатадан тұрады. Заң жобасы 3 оқылымда қаралып, қабылдануы мүмкін. Мұндай өзгеріс заңдардың сапасына еш кері әсерін тигізбейді. Керісінше, құжат бір жерден қабылданып, уақыт үнемделеді. Сол жердегі депутаттардың жауапкершілігі артады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов.
«Бұл - қоғамда соңғы 20 жылдай айтылып келе жатқан тақырып. Біз унитарлы ел болғандықтан, Қазақстан парламенті бірпалаталы болуы керек деген талаптар айтылып жатты қоғам тарапынан. Осы өзгерістерді енгізудің уақыты келді», – деп қосты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи.
Ал, депутат Максим Рожин жалпы саяси жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп берді.
«Күшті Президент - ықпалды Парламент- есеп беретін Үкімет» деген формула бар. Ол қалай іске асады? Президент стратегиялық маңызды бағытты айқындайды. Үкімет оны орындайды, ал құрылтай оны бақылайды, елге қажетті заңдарды шығару ісімен айналысады. Құрылтай аппаратының мықтылығы маңызды болып тұр», – деді спикер.


