Біртанов медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

0
928

"Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады".


Біртанов медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз құттықтауын facebook-тағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қымбатты, құрметті медбикелер!

Сіздерді Халықаралық медбикелер күнімен құттықтаймын!

Өзім де жұмысты Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада және Жедел медициналық көмек ауруханасында мейіргер болып бастадым, сондықтан, тәулігіне 24 сағат кезекшілікке түскенде төзім мен шыдамдылықтың аса қажет екенін мен өз тәжірибемнен жақсы білемін: түрлі процедура жасайсың, науқастарға дәрі егу, жан сақтау бөлмесіндегі жағдайы ауыр пациенттерді түнімен күзету қажет, мұндайда адамда "міндетімді сәтті атқарсам" деген ой ғана болады.

Сіздер атқарып отырған жұмыс - қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер медициналық ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады.

Көбіңіз осы мамандыққа әбден бейімделіп алдыңыз, тіпті, көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қызмет ету – өмір сүру салтына айналды. Жалпы, науқасты емдеу ісінде мейірбикелердің еңбегі өте маңызды.

Медбикелер адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрды. Бүкіл әлемдегі медбикелер COVID-19 қасқайып қарсы шықты.

Еліміздегі мейірбикелер мен мейіргерлерге министрліктің атынан алғыс білдіремін. Өз істеріңізге деген адалдық пен науқастарға деген қайырымға, мейірімге толы қарым-қатынастарыңыз үшін көп рақмет!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және сәттілік тілеймін!", деп жазды Біртанов.