Адам өлтіруді жасыру бойынша сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Адам өлтіруді жасыру бойынша сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін, деп жазады baq.kz.
Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, Байжанов рақымшылыққа өтініш берген.
Степногорск аудандық сотына Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш білдірді. Өтінішті қарау мерзімі әлі анықталған жоқ, - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2025 жылы 11 маусымда Мәжіліс қабылдаған амнистия туралы заң өз күшіне енді. Заңға сәйкес, амнистияға іліккен ауыр қылмыс жасағандардың жазасы үштен бірге қысқарады.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді.