Биыл 170 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді

0
370

Былтыр тарихи рекорд тіркелген еді.


Биыл 170 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді

фото: international.kz

Елімізде баспана құрылысының көлемін ұлғайту, тұрғындарды қолжетімді бағдарламалармен қамту және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасып келеді. Биыл да бұл салада ауқымды жоспарлар белгіленген.

Атап айтсақ, биыл ел Үкіметі жалпы көлемі 18,5 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлаған. Демек, шамамен 170 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізе алады. Сонымен бірге мыңдаған жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды тұрғын үймен қамту бағдарламалары жалғасу үстінде. 2026 жылдың алғашқы жартысының өзінде жалпы көлемі 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ тұрғын үй саясаты шеңберінде мемлекет 2026 жылы 14,5 мың жалға берілетін пәтер сатып алуды, 14 мыңнан астам несиелік тұрғын үй салу және сатып алуды, 11 мыңнан астам жеңілдетілген ипотекалық қарыз беруді, 11 мыңнан астам отбасының жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды жоспарлаған.

Ал 2025 жылы Қазақстанда 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тарихи рекорд тіркелген еді.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ