Олардың дені Ресей азаматтары.
Фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. 2024 жылы 435 мың шетелдік азамат Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеді. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметінің депутаттық сауалға берген жауабынан белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.
Комитеттің мәліметінше, осы жылы ЖСН-ді 435 408 шетелдік алған. Олардың ішінде басым бөлігін Ресей азаматтары рәсімдеген (233 013 адам). Бұдан бөлек 121 719 адам – Өзбекстан, 25 654 адам – Қытай, 13 846 адам – Тәжікстан, 9308 адам – Қырғызстан.
Былтыр 376 966 шетелдік ЖСН алды.
Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатқанын жазғанбыз.