Оның ішінде 870,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен және 855,9 млрд теңгесі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінген.
© Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Бүгінде балалары бар 2 миллионға жуық отбасы түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алады. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,7 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп жазады sputnik.kz
Оның ішінде 870,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен және 855,9 млрд теңгесі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінген. 2025 жылы жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артқан.
Қолдаудың негізгі бағыттарының ішінде бала туған кезде кезектілігіне қарай 149 416 теңгеден 247 716 теңгеге дейінгі біржолғы жәрдемақы бар. Осы жылдың алғашқы төрт айында төлем 21,1 млрд теңге сомасына 117 мың азаматқа берілді.
Сондай-ақ жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 5,76 АЕК-тен (22 648 теңге) 8,90 АЕК-ке (34 995 теңге) дейін ұлғайта отырып, баланың туу кезегіне байланысты төленеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны орта есеппен 123,3 мың адам, оларға 14,4 млрд теңге төленді.
Жұмыс істейтін әйелдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алады. Жүктілік және босану бойынша біржолғы жәрдемақының орташа мөлшері 1,6 млн теңгені құрады. Бұл төлемді 81,8 мың әйел алды, жалпы сомасы – 117,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Орта есеппен 85 221 теңге. Бұл сома соңғы екі жылдағы орташа айлық кірістің 40%-ын құрайды. Төлемнің орташа мөлшері – 85 221 теңге.
2020 жылдан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы қарастырылған.
Төлем мөлшері балалар санына қарай сараланды:
4 бала – 63 030 теңге,
5 бала – 78 798 теңге,
6 бала – 94 565 теңге,
7 бала – 110 332 теңге,
8 және одан да көп бала – әр балаға 15 728 (4 АЕК) теңгеден.
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға орта есеппен 176 млрд теңгеге 611,5 мың отбасы жәрдемақы алды.
Көп балалы аналардың беделін көтеру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұрын "Батыр ана" атағын алған, І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған. "Алтын алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы мөлшері 29 097 теңгені (7,4 АЕК), "Күміс алқа" алқамен марапатталған көп балалы аналарға қазіргі уақытта жәрдемақы мөлшері 25 165 (6,4 АЕК) теңгені құрайды. Бүгінде марапатталған 242 мың көп балалы ана жәрдемақы алушылар болып саналады, жалпы 25,9 млрд теңге төленді.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен мүгедек бала кәмелетке толғанға дейін оған күтім жасау бойынша жәрдемақы төленеді, оның мөлшері 74 428 теңгені құрайды. Жыл басынан бері 33,7 млрд теңге сомасына 111,7 мың адам алды.
Отбасының бір мүшесінің табысы кедейліктің белгіленген шегінен төмен отбасылар үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оның шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем де жүзеге асырылады. Бұл төлемнің мөлшері 1,5 АЕК құрайды, бұл 2025 жылы әр бала үшін 5 898 теңгеге тең. Осы жылдың 1 мамырына бұл төлем 1,4 млрд теңге сомасына 74,4 мың балаға тағайындалды.