Биыл елдегі 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді

0
597

Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын айтты.


Биыл елдегі 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі биыл жөндеуден өтетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірдік. Осындай көрсеткішке қол жеткізу Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыруға байланысты болды. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады», - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын айтты.

«Биыл министрліктің негізгі міндеті – ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Экономиканың сапалы жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін биыл өндірісті жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, келешекте жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», - деді ведомство басшысы.