Қорғаныс министрлігінің басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Біз қаза тапқандардың отбасыларымен үнемі байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз", дейді Дәурен Қосанов.
Қорғаныс министрлігінің басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.
Сондай-ақ ол кінәлілердің заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығулары кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағыс алып кеткен. Үшеуін құтқару мүмкін болды, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды: 453-баптың 2-бөлігі "Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға әкеп соғу" және 465-бап "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу". Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.
Маңғыстауда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды.


