"Тірідей жанып кеткен": Жетісу облысында тұрғын үй өртінен 3 бала қаза тапты

0
72

Жалын тұтанған кезде балалардың анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден сыртқа шығып үлгерген.


Фото: ТЖМ Алматы

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні таңертең Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Тілсіз жау Жетісу облысындағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан.

Алдын ала мәліметке сай, жалын тұтанған кезде балалардың анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден сыртқа шығып үлгерген. Десе де, үйде тағы үш бала қалып қойған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар тұрғын үйдің ішінен үш баланың денесін тапқан. Қаза болған балалардың жасы – 1, 6 және 8 жаста.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар нақтылануда.