Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы Қостанай өңірі экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында ел Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс» деген сөздері саланы әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде негізге алынды.
АӨК-ті жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 700 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы біздің өңірге рекордтық 175 млрд теңге бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуныша, несиелендірудің қолжетімділігін арттыру үшін 2023 жылы алғаш рет экономиканың нақты секторында бизнесті дамытуға арналған облыстың оңтүстік өңірлерінің кәсіпкерлерін жылдық 1%-бен «Бизнес-Көмек» қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды.
«Сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермаларының құрылысы басталды. Оларды енгізу ұйымдасқан шаруашылықтарда өнім өндіруді 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86%-ға дейін қамтамасыз етеді. Облыста Мемлекет басшысының үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін 70% - ға дейін ұлғайту туралы тапсырмасы жоспарлы түрде орындалады. Жақын арада аймақта өсірілетін және өндірілетін барлық өнімтүпкілікті өңделіп, оның құнын арттырады. Мәселен, өңірде ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешен пайдалануға берілді. Табиғи өнім өндірісі облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің 3 есеге өсуін қамтамасыз етеді. Осылайша, біз жергілікті халықтың ірімшікке деген қажеттілігін жабамыз», – деді өңір басшысы.
Қостанай облысында диірмен кешені пайдалануға берілді. «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды. Сонымен қатар осы салада өсірілген дақылдарды өңдеудің толық циклін ұйымдастыра алатын жаңа инвесторларды тарту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. «АС Agro» ЖШС ірі түрік холдингін тарта отырып, толық циклді бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бидайды терең өңдеу зауытын салу жобасы маңызды болып табылады. Зауыт глютен, крахмал, биоэтанол және лизин сияқты бірегей өнімдерді шығарады. Инвесторға жер учаскесі берілді, инжинирингтік іс-шаралар жүргізілуде. Жоспарланған жобалардың толық қуатына шыққанда облыс еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығына айналмақ.