Биыл Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 68 мыңға жуық өтініш келіп түсті

0
114

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті құзыретінің бірі – тұтынушылардың шағымдарына талдау жүргізу.


Биыл Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 68 мыңға жуық өтініш келіп түсті

ERNUR.KZ. Егер 2020 жылы уәкілетті органға 21 мың өтініш түссе, 2024 жылы олардың саны 62 мыңға жетті. Ағымдағы жылдың 10 айында 68 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны келесі салаларда байқалады:

- бөлшек сауда – 28 мың шағым – бұл сапалы және сапасыз тауарларды айырбастаудан және қайтарудан бас тарту, ақауы бар немесе сапасыз тауарлар үшін ақшалай қаражатты қайтарудан бас тарту және т. б.
- электрондық сауда – 15,3 мың шағым – бұл тауар мен сатушы туралы ақпараттың жоқтығына, ұсынылатын тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуіне, интернет-сайттардың тауар мен ақшалай қаражатты қайтарудан бас тартуына, сондай-ақ алаяқтық фактілерінің жиілеп кетуіне қатысты шағымдар;
- тұрмыстық қызметтер – 5,2 мың шағым.

«Келіп түскен шағымдардың жалпы санынан тұтынушылардың 37%-ының өтініштері толық көлемде қанағаттандырылды. 34% немесе 23 мың тұтынушы түсініктеме мен кеңес алды. Өтініштердің 15,5 мыңы бірлескен жұмыс жүргізу үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді», – деді спикер.

Ведомство қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру арқылы тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу және оған жол бермеу. Мысалы, биылғы 10 айда өңірлік департаменттер кәсіпкерлік субъектілеріне 1080 тексеру және 31 профилактикалық бақылау жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 23 млн теңге сомаға 696 бизнес субъектісі айыппұл түрінде, 347 бизнес субъектісі ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.