Биыл жол апатынан зардап шеккендердің басым бөлігі 17 жастағы азаматтар

0
492

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшею салдарынан апаттар қауіпі артады.


Биыл жол апатынан зардап шеккендердің басым бөлігі 17 жастағы азаматтар

ERNUR.KZ. Статистикаға сүйенсек, елімізде ағымдағы жылдың 9 айында 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 14 мың адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.

1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:

  • 210-ны кәмелетке толмаған балалар,
  • 488-і әйелдер,
  • 1192-і ер адамдар.

Сондай-ақ:

  • 660-сы жолаушылар,
  • 485-і жаяу жүргіншілер,
  • 447-і жүргізушілер.

Аймақ бойынша ең көп жол апаты:

  • Алматы қ.- 2556,
  • Алматы - 961,
  • Жамбыл - 695,
  • Түркістан – 616 облыстарында,
  • Астана қ. – 570 тіркелген.

Апаттың негізгі себептері адами фактормен байланысты, олар :

  • Жылдамдықты асыру - 2 381,
  • Жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу-1 473,
  • Жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) - 380,
  • Өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау - 5 635.

ЖКО-ның 88% - дан астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен орын алады, оның 305-і алкогольдік және есірткілік масаң күйінде болған.

Жол апатынан зардап шеккендердің арасындағы басым бөлігі:

  • 17 жастағы – 3 015,
  • 30 - 39 жасқа дейін -2 576,
  • 21 - 29 жасқа дейін -2 572,
  • 60 және одан жоғары -1 320 жастағы адамдар.

Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбінесе:

  • 30 - 39 жас аралығындағылар - 2 509,
  • 21 - 29 жас аралығындағы - 2 262,
  • 60-тан жоғары жастағы – 668.

Жол апаттарының көп бөлігі немесе:

  • 7 380-і елді мекендерде,
  • 1 703-і халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда,
  • 789-ы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаттарының ең көп саны:

  • дүйсенбі -1 462,
  • сәрсенбі -1 447
  • жексенбі - 1 418,

сондай-ақ:

  • күндізгі уақытта - 6 120,
  • түнде-1 140,
  • күн батқаннан кейінгі мезгілде -1 493 орын алған.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшею салдарынан апаттар қауіпі артады. Осы ретте, автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шиналармен жабдықтану, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне жүргізушілердің назарын аударамыз. Сондай-ақ қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз.Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.