БҚДА "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеуді жалғастыруға уәде берді

0
646

"Яндекс.Таксидің бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді.


БҚДА

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс.Таксиге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Биыл 29 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласы бойынша БҚДА департаментінің 2022 жылғы тексерілетін кезең бөлігіндегі бұйрығының ішінара күшін жою туралы шешімін жариялады. Сот бұл шешімді тергеу басталған 2022 жылғы талдаудың болмауына себептестірді", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Яндекс.Такси үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы – 83,78 пайыз, 2021 жылы – 84,34 пайыз, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – 95,3 пайыз болған. Астана қаласы бойынша 2020 жылы үлесі 60,7 пайыз, 2021 жылы 67,3 пайыз болды.
"Яндекс.Таксидің бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.
Яндекс.Такси комиссиясы ҚҚС есебімен - 17 пайыз, бұл ретте Яндекс.Такси бәсекелесінің ең жоғары нарықтағы комиссиясы 12,5 пайыз. Сондықтан Яндекс.Такси комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36 пайызға көп. Бұл ретте Алматы қаласы бойынша бәсекелестің үлесі 2020 жылы 0,6 пайыз, 2021 жылы 0,3 пайыз болды", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Яндекс.Таксиден басқа жүргізушілерден 4 пайыздан тұратын комиссияны серіктес таксопарктері де алады. Ал бұл Қазақстан Республикасында жол жүру құнының жалпы қымбаттауына әкеліп соғады.
"Сот өз шешімін түсіндіру кезінде Яндекс.Такси тарапынан заңнаманы бұзу белгілері бары расталғанын келтіріп, уәкілетті орган тиісті талдау жүргізілгеннен кейін 2022 жылғы қызметі үшін тергеу ашуға құқылы деді. Осыған байланысты монополияға қарсы органның тергеуі жалғасатын болады. Бүгінде БҚДА Яндекс.Таксидің 2022 жылы монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан әрекеттерін талдап жатыр".
Осы ретте Яндекс.Таксиге қатысты тергеуді бастауға клиенттердің компания белгілеген жоғары бағаға, ал жүргізушілердің комиссия көлемімен келіспейтіндіктері туралы көптеген шағымдар негіз болғанын еске салу қажет, деп жазды ведомство мамандары.