Оқушылар арасында төбелес болып, соның салдарынан жарақат алған оқушы ауруханаға түскен.
ERNUR.KZ. Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Мейрамгүл Кубашева №1 мектептің 7-сыныбында оқитын ұлын ұрып-соққаны туралы айтты, деп жазады zakon.kz.
Оның айтуынша, 4 қазанда оқушылар арасында төбелес болып, соның салдарынан ұлы жарақат алып, ауруханаға түскен.
Ұлы құлап, орнынан тұра алмаған, дәрігерлер ми шайқалуы және бетінің тері астындағы гематомасы диагнозын қойған, жағдайы – орташа ауыр.
"Бұл бірінші рет емес, мен осы күнге дейін үндемедім, бірақ бұл жолы үндемей қала алмаймын. Мектептегі тәртіпсіздіктер туралы мен мектеп басшылығына бірнеше рет айттым, ешқандай шара қолданбады. Мектеп директоры оқу орнында тәртіпті талап етпейді, оқушылар мұғаліммен дөрекі сөйлеседі, мектеп формасын кимейді және бұл тек мектеп оқушыларына ғана қатысты емес", - деп жазды Кубаева Facebook-те.
Сондай-ақ, әйел аурухана қойған диагноз көшірмесін де жариялады.
Сонымен қатар, Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Бұл оқиға төртінші қазанда болды, жетінші және сегізінші сынып оқушылары арасында төбелес болды. Қазір кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, біздің ведомствода барлық фактілерді егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылды. Тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз", деді Хусаинова.