БҚО-да балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды

0
982

Балабақшада карантин жарияланды.


БҚО-да балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында балақбақша тәрбиешісі коронавирус жұқтырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Облыстық бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, өңірде жалпы 6 903 адам COVID-19 жұқтырған. Оның 3491-і симптомсыз науқастар. Арыспаев облыста короновирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын атап өтті. Тек соңғы 4 тәулікте 18 адам ауру жұқтырған.

"Соңғы 4 тәулікте ауру жұқтырғандарға тоқталайын. Олардың арасында 75-80 жастағы адамдар, БҚО тұрғындары мен Ресейден келген азаматтар бар. Бөрлі ауданында балақбақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды. Балабақшада карантин жарияланды. Бүгін, 16 қазанда ондағы тәрбиешілер мен балалардан және ауру жұқтырған науқастың туыстарынан ПТР-тест алынады", - деді Мұхамғали Арыспаев.

Сонымен қатар, облыстық бас санитар дәрігер Ресейде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысындағы 4 шекара бекетінде карантин талабы күшейетінін айтты.

Айта кетейік, БҚО-да 6 903 адам коронавирус жұқтырған. 6 765 науқас айықты, 110 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 109 202-ге жетті. 104 801 науқас жазылды, 1 768 адам аурудан көз жұмды.