БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кетті: 8 адам қаза болды (ВИДЕО)

0
73

​Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.


БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кетті: 8 адам қаза болды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. БҚО-да Toyota мен Volkswagen көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 8 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 17 қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар автожолының 50-ші шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктері бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан бір көлік өртенді.

Оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.

Оқиға кезінде ауа райы мен жол жағдайлары қанағаттанарлық болған – көріну жақсы, қозғалысқа кедергі келтіретін сыртқы факторлар анықталмаған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖ бөлімшелері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тергеу барысында толық анықталатын болады.

Полиция жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, жолаушылар тасымалдау кезінде кез келген ереже бұзушылық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.