Күдікті әлі анықталмаған.
ERNUR.KZ. БҚО-да кәсіпкерге өз тапаншасынан оқ атқан. Күдікті әлі ұсталған жоқ, деп жазады Stan.kz.
Кәсіпкердің өлімі жайлы хабарлама WhatsApp арқылы 16 шілдеде тарады. Онда ер адамның мәйіті өз үйінен зорлық-зомбылық белгілерімен табылғаны айтылған.
"Ер адамның мәйіті Ихсанов көшесінде орналасқан үйінің кіреберісінен табылды. Кәсіпкердің басынан оқ атылған. Үй ауласынан белгісіз маркалы қару табылды. Мәйіт Оралға мәйітханаға сот-медицина сараптамасын жүргізуге жіберілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде", – деп хабарланды ведомстводан.
Күдікті әлі анықталмаған.
"12 калибрлі ИЖ-18Е тегіс ұңғылы қару тіркелмеген. Кәсіпкердің әйелінің айтуынша, ол марқұмға тиесілі болған. Қаруды ол үйінде сақтаған. Тергеудің өзге мәліметтерін жария ете алмаймыз", – деді Бөрлі аудандық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Арман Макбузов.