Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Оралда жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға 1 мамырда сағат 13:00 уақыт шамасында болған.
Құрманғазы көшесіндегі "Бибігүл" кафесіне қарама-қарсы аялдамада 1970 жылғы автобус жүргізушісі "Тайота Камри" маркалы автокөлігіне соқтығысып, рөлге ие бола алмай 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада қайтыс болды.
Сондай-ақ автобустың 2 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.