БҚО дәрігерлері өрт кезінде 4-қабаттан секірген балалардың жағдайы жөнінде айтты

0
176

22 қараша күні таңмен 4-қабатта пәтер өртеніп, екі бала терезеден секірген еді.


БҚО дәрігерлері өрт кезінде 4-қабаттан секірген балалардың жағдайы жөнінде айтты

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Ақсай қаласында көпқабатты үйдегі өрт кезінде зардап шеккен екі бала облыс орталығына жеткізілді, деп жазады inform.kz.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, 22 қараша күні таңмен 4-қабатта пәтер өртеніп, екі бала терезеден секірген еді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өрт салдарынан 8 және 4 жастағы екі ұл бала, 1981 жылғы әйел Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

«Жұма күні кешкісін екі бала санавиациямен Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде екеуі де травматология бөлімшесінде қажетті емін алуда. Ал әйел 2-3-дәрежелі 45-50 пайыз күйік жарақатын алған. Күні бүгін Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде емделуде. Жағдайы тұрақты ауыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, өткен аптада Ақсай қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт болды. Салдарынан 2 бала, 1 әйел жансақтау бөліміне жатқызылды.