Блогер Абу-Даби Плазаның төбесінен түсірілген таңғажайып видеоны жариялады

0
719

Осы видеоны National Geographic Kazakhstan аккаунты да жариялады. Барлығы қыстың әдемі көрінісіне таңданып жатыр.


Блогер Абу-Даби Плазаның төбесінен түсірілген таңғажайып видеоны жариялады

ERNUR.KZ. Мысырлық блогер Ахмед Магди Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби Плазаның төбесіне шығып, елорданың панорамасын түсірді, деп жазады sputnik.kz.

Блогер Нұр-Сұлтанның видеосын The New York әнімен берді. Дегенмен, Instagram желісінің қолданушылары Қазақстанның астанасын бірден таныды.

Барлығы қыстың әдемі көрінісіне таңданып жатыр.

"Бұл жақта қыс", - деп жазды видео авторы.

Блогер Хан-Шатыр мен Байтерек жақты көрсетті. Абу-Даби Плазаның төбесінен 98 метрлік монументтің өзі кіп-кішкентай болып көрінеді. Одан кейінгі кадр ақшаңқай бұлттардың үстінен түсірілген.

Осы видеоны National Geographic Kazakhstan аккаунты да жариялады.


Айта кетері, мысырлық блогер Ахмед Магди үнемі Қазақстанның сан алуан жерлерінде түсірілген видео мен фотоларды жариялап отырады. Оның аккаунтында тұрғылықты жері ретінде екі қала көрсетілген. Олар – Каир мен Нұр-Сұлтан. Ахмед 2015 жылдан бері астанада жұмыс істейді.

Бүгінде Абу-Даби Плазаның ең биік ғимараты "Qazaqstan" мұнарасы деп аталады.