Олар тасты сүю үшін бір-бірін таптауға шақ қалған.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстандық футболшы Әлішер Келгенбай қасиетті Меккеде жүрген видеосын жариялады. Қажылыққа барған адамдардың әрекеті көпшіліктің сынына ұшырап жатыр деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қасиетті Қағба тасын айналған кезде адамдар Қағбаны сүю үшін бірінің үстіне бірі міне жаздаған. Оның бәрін Әлішер Келгенбай видеоға түсіріп тұрған. Оның видеосын желідегі оқырмандары қатты сынаған.
«Қажылыққа кім болса, сол бара беретін болған ба? Кезінде Құраннан хабары бар, намазға жығылған нағыз мұсылман жандар баратын еді. Ең таза Қағбаны да ластап жатсыңдар ма? Қазір ақшасы бар адамдар ғана барады. Құдай сақтасын, мыналар дәреже көріп жур ғой, адамдарды тапалап бұлай тасты ешкім суймеген», - деп жазды желі қолданушылары.