30 жастағы жігіт экскаваторды қуат көзіне қосу кезінде мерт болған.
Фото: Валерий Бугаев
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 22 қараша күні болғаны анықталды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп жазады inform.kz.
Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің аумағында электрслесарь болып жұмыс істеген ер адам тоққа түсіп жазым болды. 30 жастағы жігіт экскаваторды қуат көзіне қосу кезінде мерт болған.
Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын ұйымдастырып жатқанын мәлім етті.
Ал Павлодар облыстық полиция департаменті қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
- Еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болған азамат экскаваторды қосқыш пунктіне қосу кезінде өте ауыр, өлімге әкеп соққан жарақаттар алған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - деп хабарлады полиция департаментінен.


