Бөгет жарылысы: Өзбекстанда алғашқы күдіктілер ұсталды

0
1 235

Ұсталғандардың арасында - су қоймасы нысанын дамыту және пайдалану жөніндегі дирекцияның басшысы бар.


Бөгет жарылысы: Өзбекстанда алғашқы күдіктілер ұсталды

фото ашықдереккөзден

Өзбекстанның бас прокуратурасы Сардоба су қоймасындағы қылмыстық іс бойынша алғашқы күдіктілердің ұсталғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті ретінде ұсталды, оларға қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша мән-жайды анықтауға кедергі келтірудің алдын алу мақсатында басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлайды Бас прокуратура өзінің Telegram-дағы арнасында.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, ұсталғандардың арасында - су қоймасы нысанын дамыту және пайдалану жөніндегі дирекцияның басшысы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым жер су астында қалды, оның 76-сы Қазақстанда болды.