Бойжеткенді зорлаған жолсеріктер ісі: Прокуратура жазаны күшейтуді сұрайды

0
909

26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.


Бойжеткенді зорлаған жолсеріктер ісі: Прокуратура жазаны күшейтуді сұрайды

ERNUR.KZ. Бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге қатысты шығарылған үкім қайта қаралуы тиіс. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұловтың Facebook парақшасына сілтеме жасап жазады ҚазАқпарат.

«Бас көлік прокуратурасы жолаушыны зорлаған № 98 пойыздың жолсеріктеріне қатысты сот үкімін зерттеді. Қостанай көлік прокуратурасының зерттеуінің нәтижесінде сотқа үкімді өзгерту және сотталғандарға қатысты неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы апелляциялық өтініш берілді», - деп жазды Е. Сыбанқұлов.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түскен.

Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.