"Бөкейорда" табиғи резерватының бас директоры ұсталды

0
234

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ бас директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.