"Болашақ" бағдарламасының түлектеріміз": "Гастроцентрдің" құрылтайшысы болған вице-министр Бишімбаевпен не байланыстырғанын айтты

0
199

Вице-министрдің айтуынша, ол бизнеске мемлекеттік қызметтен бұрын келген.


Фото: gov.kz, Жоғары сот

ERNUR.KZ. Цифрлық даму министрлігі басшысының бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин Салтанат Нүкенованы өлтірген елордалық "Гастроцентрдің" құрылтайшылары құрамынан қалай шыққаны туралы пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Вице-министрдің айтуынша, ол бизнеске мемлекеттік қызметтен бұрын келген.

"Әртүрлі жобаларға, соның ішінде осы жобаларға да инвестиция салдым. Бұл жобада қазір құрылтайшы емеспін. Қуандық Бишімбаевпен қандай қарым-қатынаста болдым? "Болашақ" бағдарламасының барлық түлектері әркез өз жобаларымен бөлісетіндіктен, үнемі кездесіп жүреді. Сондықтан, "Болашақ" бағдарламасының барлық түлектері сияқты біз де үнемі сөйлесіп отыратынбыз. Бұл бізді байланыстыратын жалғыз нәрсе шығар. Сондықтан, тағы да қайталаймын, мен бұл нысанда қазір құрылтайшы ретінде жоқпын", - деді Қаныш Төлеушин.

Оның айтуынша, ғимаратқа иелік ететін компаниядағы үлесін сатуды ол иемлекеттік қызметке ауысқан кезде Салтанат Нүкенованың қазасына дейін жоспарлаған. Төлеушин 2023 жылдың маусым айында цифрлық даму вице-министрі болды.