ұшақ бортында 170 адам болған, оның ішінде 159 жолаушы, 23-і бала мен 6 экипаж мүшесі.
ERNUR.KZ. Сочи - Омбы бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы Ресейдің Новосібір облысындағы егістік алқабына шұғыл қонды, зардап шеккендер жоқ, деп жазады stan.kz.
"Жолаушылар ұшағы Убинск ауданындағы егістікке қонды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Ақпарат анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.
Новосібір облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқарманың мәліметінше, ұшақ бортында 170 адам болған, оның ішінде 159 жолаушы, 23-і бала мен 6 экипаж мүшесі. Baza telegram арнасының хабарлауынша, ұшақ бортында төрт Қазақстан азаматы болған.
Олар, Жуков Виктор, Жукова Светлана, Михутдинов Радим, Михутдинова Ольга. Қазір барлық жолаушылар жергілікті демалыс орталығына уақытша орналастырылды.
"Олардың барлығы эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ғимараттар, құрылыстар қираған жоқ", – деді департамент.
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың айтуынша, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ол сондай-ақ зардап шеккендердің жоқтығын және ұшақта өрт болмағанын растады. Көлік прокуратурасы тергеуді бастады. Тергеу комитеті жұмыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.