Бұған дейін танымал спортшы Сабина Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көргісі келетінін жария еткен болатын.
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың некесі туралы жаңалыққа пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
25 желтоқсанда Алтынбекова Instagram-да тұрмысқа шыққанын хабарлады. Кейін Желі қолданушылары құттықтаулармен қатар, ММА спортшысы Қуат Хамитовты әзілмен жұбата бастады, себебі ол біраз уақыт бұрын "Еуразия" бірінші арнасындағы "Қызық Live" шоуына берген сұхбатында Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді.
"Ай, Сабина Сабина, мен саған енді қарай бастаған едім, қашып кеттің. Құтты болсын! Шын жүректен бақыт тілеймін! Сен тамаша жансың. Біздің барлық қыздарымыз сен сияқты сүйкімді әрі әдемі болсын. Үлгілі әйел, жақсы ана атанарыңа сенімдімін!
Ал қалғандарына айтарым, босаңсымаңдар, аңшылық жалғасады", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында. Онда #қыздар_мен_ боспын деген хештег қалдырған.