Бүгін күн мен түн теңеледі

0
79

Көктемгі теңелу табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, жаңару кезеңінің басталуы деп есептелген.


Бүгін күн мен түн теңеледі

Фото: starwalk.space

ERNUR.KZ. 2026 жылы Жердің солтүстік жарты шарында көктемгі күн мен түн теңелуі 20 наурызға сәйкес келеді. Астана уақытымен 19:45:14 теңеледі, деп жазады inbusiness.kz.

Ежелден бері көктемгі күн мен түн теңелетін күні адамдар мезгілді қарсы алып, жаңа егіс маусымына дайындала бастаған. Бұл жыл ішіндегі ерекше күндердің бірі саналып, жаппай серуендер мен күнге табыну рәсімдерімен атап өтілген.

Жазғы және қысқы күн тоқыраулары мен күзгі теңелуден айырмашылығы, көктемгі теңелу 2010 жылдан 2050 жылға дейін көбіне бір күнге – 20 наурызға сәйкес келеді. Тек 2044 және 2048 жылдары ол 19 наурызға түседі.

Теңелу – бұл астрономиялық құбылыс, онда күн мен түн ұзақтығы бүкіл әлемде шамамен тең болады. Ол жылына екі рет орын алады. Осы күні Күн эклиптика бойымен қозғалып, аспан экваторын кесіп өтеді: көктемде ол Оңтүстік жарты шардан Солтүстікке өтсе, күзде керісінше бағытта қозғалады.

Көктемгі теңелу күні жыл сайын 19-21 наурыз аралығында өзгеріп отырады. Осы сәттен бастап астрономиялық көктем басталады.

Жылына екі рет, теңелу күндері Күн Жер экваторына дәл перпендикуляр орналасады. Бұл кезде Жердің екі жарты шары да бірдей жарықтанады, сондықтан күн мен түн ұзақтығы теңеседі.

Көктемгі теңелуден кейін күн ұзақтығы біртіндеп ұзара береді де, ең ұзақ күнге – жазғы күн тоқырауына жетеді. Бұл кезде күн көкжиектен ең биік нүктеге көтеріліп, бірнеше күн бойы сол деңгейде болады.

Жазғы күн тоқырауы әдетте 21 маусымға сәйкес келеді, ал кібісе жылдары бір күн ертерек – 20 маусымда болады. 2026 жылы бұл құбылыс 21 маусымда өтеді.

Күзгі күн мен түн теңелуі – қысқа өтудің белгісі. Одан кейін қысқы күн тоқырауы келеді, бұл кезде Күн көкжиектегі ең төмен нүктесіне түсіп, күн ең қысқа болады. 2026 жылы күзгі теңелу 23 қыркүйекке, ал қысқы күн тоқырауы 21 желтоқсанға сәйкес келеді.