«Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің мәліметтеріне қарағанда, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік иесі өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемеген.
«Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің мәліметтеріне қарағанда, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік иесі өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемеген, - деп хабарлайды Baq.kz. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«ҚР ӘҚБтК-нің 597 «Тоқтау және көлік құралдарын тұраққа қою» бабы бойынша автұрақ ақысын төлеуден жалтарғандар 3 АЕК көлеміндегі айыппұлға кесіледі. Бір жыл ішінде аталмыш құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда төленетін айыппұлдың көлемі 5 АЕК-ке дейін артады. 2018 жылы 1АЕК мөлшері 2405 теңгені құрайды», - делінген таратылған хабарламада.
Айта кетейік, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұрақта 487 орын бар. Мұнда 12 паркомат жұмыс істейді.
Автотұрақ ақысын төлемеуге қатысты құқық бұзушылықтардың оқиғаларымен https://2888.kz/kz/ сайтында танысуға болады.