Бүгінде кейбір адамдар ХҚКО-да цифрлық қолтаңбаларын қалдырып кетеді.
фото: Правительство для граждан
ERNUR.KZ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды цифрлық қолтаңбалар рәсімделмейді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде кейбір адамдар ХҚКО-да цифрлық қолтаңбаларын қалдырып кетеді. Оны басқа біреулер қолданып жатады. Содан жеке деректер ұрланады.
"Осыған байланысты біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды цифрлық қолтаңбаларды оффлайн алу қызметін біртіндеп жабуды жоспарлап отырмыз. Оны тек онлайн форматта биометриялық идентификациямен алуға болады", - деді Коняшкин сенаттың бүгінгі отырысында.
Ал ХҚКО-ларда жеке куәліктен бөлек SMS-хабарламамен немесе биометриялық идентификациямен жеке басты растау міндеті енгізіледі. Осылайша, алаяқтық әрекеттерді барынша азайту жоспарланған.