Бурабайда қыз бен жігіт дәл Жұмбақтастың үстінде жыныстық қатынаспен айналысты

0
9 690

Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері үшін олар шамамен 50 мың теңге көлемінде айыппұл салады.


Бурабайда қыз бен жігіт дәл Жұмбақтастың үстінде жыныстық қатынаспен айналысты

ERNUR.KZ. Куәгерлер екі жасты видеоға түсіріп жариялады. Ақмола облысының полициясы қыз бен жігітті іздей бастағанын хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Департамент бейнежазбаны зерттеді, аталған адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде. Егер бұл жұп анықталса, оларды тарту мәселесі әкімшілік заңнама аясында шешілетін болады», - деді Ақмола облысы бойынша ДП ресми өкілі Гүлнар Пинчук.

Осыған ұқсас оқиға Алматы облысындағы Қапшағай жағалауында болды. Ерлі-зайыптылар көл суларында қатынасқа түсті. Жағажайда демалушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп алды.

Полиция сонымен бірге видео кейіпкерлерін іздестіруде. Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері үшін олар шамамен 50 мың теңге көлемінде айыппұл салады.