​ Бурабайда сауда орталығының жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

0
210

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


​  Бурабайда сауда орталығының жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Фото: Opennews

ERNUR.KZ. Кеше, 12 ақпан күні кешкісін Бурабайда 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Марқұмның мәйітін сауда орталығының қасынан, терезенің астынан тапқан.

"Алдын-ала ақпарат бойынша жас жігіт сауда үйінің төртінші қабатынан секіріп, суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді", - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.