Қазақстанның басқа мектептері қашықтан оқуға көшіп жатқан кезде бұл оқу ордасы оқушыларды жинап, ашылу салтанатын өкізген.
ERNUR.KZ. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Бурабайда жаңа IQanat мектебінің ашылуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін желіде Бурабайдағы мектептің ашылу сәтінде түсірілген суреттер пайда болды. Қазақстанның басқа мектептері қашықтан оқуға көшіп жатқан кезде бұл оқу ордасы оқушыларды жинап, ашылу салтанатын өкізген. Желі қолданушылары оқушылардың маскасыз жүргеніне шағымданды.
Бурабайдың полиция департаменті мен санитарлық қызметі жанжал тудырған суреттен кейін тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс текесеру жүргізді.
Білім министрлігі мектептің барлық оқушылары мен ұстаздары құрамы COVID-19-ға екі рет тестілеуден өткенін айтты.
"Медициналық қызметкерлердің бақылауымен екі апталық оқшаулау жүргізілді. Сондай-ақ, "Айқанат" мектебінің балалары бірінші тоқсанда ПТР анализдерін тапсырады", - дейді министрлік.
Сонымен қатар, мектеп құрылысы меценаттардың қаражаты есебінен жүргізілгені белгілі болды. Олимпиада қорытындысы бойынша іріктелген ауылдық жерлердегі дарынды балалар бұл мектепте ақысыз оқитын болады.
"Мектептің өзі ауылдық жерлерде орналасқан. Елді мекендерден оқшауланған. Онда балалар тұрып оқиды. Мектептің ашылуына білім және ғылым министрлігінің өкілдері шақырылды", - деп қосты білім министрлігі.
Меценаттар ауылдардағы талантты балаларды оқыту үшін басқа аймақтарда да осындай мектептер ашуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланды. Қазір республикада тұрақты режимде жұмыс істейтін 3000-ға жуық шағын жинақты мектептер бар. Бұл мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасқан.