Бұрынғы білім министрі оқулықтардың сапасыз жазылуының негізгі себебін атады

0
708

​Жұмағұловтың айтуынша, оқулық жазуға атсалысып жатқан мамандардың кәсіби дайындығы төмен, материалдық жағдайы да мәз емес.


Бұрынғы білім министрі оқулықтардың сапасыз жазылуының негізгі себебін атады

ERNUR.KZ. Сенатор Бақытжан Жұмағұлов сапасыз оқулықтар мәселесін шешу жолдарын ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Депутаттың айтуынша, отандық білім беру жүйесі Кембридж моделіне көшіру кезінде осы бастаманы практика жүзінде сараптамадан өткізбеді. Содан оқулықтар асығыс жазылды. Себебі жыл сайын үш сыныпты жаңа жүйеге ауыстырып отырды.

"Ал авторлар мен сарапшылардың жеткілікті деңгейде дайындығы мен айтарлықтай тәжірибесі болмады. Әрі оқу пәндері қалыптасқан модельге сәйкес келмеді. Осылай оқулықтардың құрылымы мен мазмұны түбегейлі өзгеріске ұшырады. Оның салдары қазір көрініп отыр", – деді Жұмағұлов сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы проблеманың түпкі себебі – стандарттар мен оқу бағдарламалары. Өйткені оқулықтар соның негізінде жазылады. Бұдан бөлек, оқу бағдарламаларына жиі өзгеріс енгізудің салдарынан сапа төмендейді. Мысалы, бастауыш білім беру жөніндегі типтік оқу бағдарламасына аз уақыттың ішінде үш рет өзгеріс енгізілген. Орта білім беру бағдарламалары да солай. Ал сапалы бағдарлама болмаса, сапалы

"Мысалы, Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық академияда 85 қызметкердің 24 пайызында ғана ғылыми дәреже бар. Олар: 3 – ғылым докторы, 3 – PHD, 17 – ғылым кандидаты. Бас ғылыми қызметкердің жалақысы – 119 526 теңге, жетекші ғылыми қызметкер айына – 106 678 теңге алады, аға ғылыми қызметкердікі – 95 192 теңге, ал ғылыми қызметкердің алатыны – 81 955 теңге. Мұндай айлықпен отырған адамнан қандай сапалы жұмыс күтуге болады? Бұл орташа айлықтан екі есе төмен", – деп атап көрсетті Жұмағұлов.

Бұдан бөлек, сараптама өткізетін мамандардың кәсіби дайындығын көтеру керек. Ал оқулық авторларына шығармашылық демалыс беріп тұрған дұрыс. Себебі көбісі мектеп пен университеттерде жұмыс істейді.

"Болашақта сыни пікірлерге ұшырамас үшін, әрі 12 жылдық білім жүйесіне 2024 жылдан көшетінімізді ескере отырып, бүгіннен бастап мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын (ГОСО), типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларын бекітуіміз керек. Авторлық ұжымды іріктеу, оқулықтарды жазу және оларды сынақ пен сараптамадан өткізу үшін кемінде үш жыл қажет. Осы айтылғандарды жүзеге асырғанда ғана сапалы нәтижеге қол жеткіземіз", – дейді Жұмағұлов.