Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан айықты

0
804

22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталған болатын.


Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан айықты

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Камалжан Надыров стационардан шығарылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Камалжан Талғатұлы стационардан шығарылды, медициналық бақылауда, жағдайы қанағаттанарлық. Сараптама теріс нәтиже көрсетті", - деді ол.

Еске салайық, 22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деген еді бұрынғы вице- министр.