Балалар үйінің түлектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған «Мейірім» қайырымдылық акциясы кеңейтілді.
ERNUR.KZ. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда жауапты ведомство көптеген шараны қолға алып отыр. Мәселен, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асырылуда.
«Келешек мектептері» жобасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементі және адами капиталды дамытуға ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.
«Балалар интернат мекемелерiн институционалсыздандыру саясаты жалғасуда. 21 387 жетім баланың 17 660-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына 1000-нан астам жетім баланы қабылдайды. 2024 жылы балалар үйлеріне балама қамтамасыз ететін балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізілді. Жүргiзiлген шаралардың нәтижесiнде балалар үйлерiнде тәрбиеленетiн балалар саны соңғы 10 жылда екi есеге қысқарды», – деді спикер.
Балалар үйінің түлектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған «Мейірім» қайырымдылық акциясы кеңейтілді. Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілді. Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын ұстанады. 2023 жылғы желтоқсанда Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттама ратификацияланды.
2025 жылғы қаңтарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттер елдегі адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық реформаларға жоғары баға берді. Бұл қадамдар еліміздің әрбір кішкентай азаматының бақытты балалық шағының кепілі.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде балалар арасында құқық бұзушылықтар азаюда. Балаларға қатысты қылмыстардың көлемі қатаң бақылауға алынды. Балалардың әл-ауқат индексін талдау оң динамиканы көрсетті. Бұл балалардың әл-ауқаты саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін растайды.