21 мыңнан астам ресурс бұғатталды.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. 2024 жылдың басынан бері еліміздегі мектептерде буллингке қатысты 145 жағдай анықталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқушылар арасындағы қысым күшейген
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, буллингпен күрес шеңберінде мектептерде құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейтілген. Нәтижесінде:
- 145 буллинг фактісі тіркелді;
- Әкімшілік жауапкершілік енгізілгеннен бері – 327 жағдай тіркелген.
21 мыңнан астам ресурс бұғатталды
Киберқылмысқа қарсы департамент интернеттегі заңсыз, балаларға қауіпті контентті бақылауды тәулік бойы жүргізеді.
- 2024 жылы 58 мыңнан астам қауіпті ресурс анықталды;
- Оның ішінде 21 мыңнан астамы Кибернадзор» арқылы бұғатталды.
Мектеп қауіпсіздігі үшін 7,5 мың полицей бекітілді
Ел бойынша барлық мектептерге 7 500-ден астам полиция қызметкері бекітілген. Сонымен қатар:
- 52 мыңнан астам құқықтық лекция өткізілді;
- Ата-аналармен түсіндіру кездесулері өтті;
- «Жасөспірім», «Назар аударыңыз – балалар!» секілді алдын алу акциялары ұйымдастырылды.
Зорлық белгілері анықталса не істеу керек
Әкімдіктер жанынан құрылған мобильді топтар кез келген зорлық-зомбылық жағдайына жедел жауап береді. Олардың құрамында:
- полиция,
- әлеуметтік қызметкерлер,
- мұғалімдер мен психологтар,
- прокуратура өкілдері бар.
«Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның басты міндеті», – делінген ресми хабарламада.
Буллинг деген не?
Буллинг – бұл балалар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын қысым, мазақтау немесе қудалау. Ол психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік сипатта болуы мүмкін.