Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері игерілмеген қаражатты келесі жылы пайдаланады

0
526

Қазақстанда ұлттық жобаларға бөлінген бюджет игерілмегені үшін жауапкершілікті алып тастау ұсынылды.


Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері игерілмеген қаражатты келесі жылы пайдаланады

ERNUR.KZ. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бір бюджеттік бағдарлама аясында қаражатты дербес қайта бөлу құқығын беру ұсынылады. Бұл туралы Сенатта бюджет мәселесін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Блоктық» бюджет бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (ББӘ) бюджет қаражатын басқаруда айтарлықтай еркіндігін көздейді. ББӘ-ге Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, бір бюджеттік бағдарлама аясында қаражатты дербес қайта бөлу құқығын беру ұсынылады. Бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 20% - ынан аспайтын деңгейінде бюджетті түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты бойынша ескеру керек», - деді А. Әмрин.

Бұдан басқа вице-министр бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұлттық жобалар бойынша пайдаланылмаған қаражатты келесі жылы толық пайдалану құқығын беру ұсынылып отырғанын атап өтті. Бұл шаралар жоспарланған нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ББӘ-нің бюджет қаражатын басқарудағы жеделдігі мен икемділігін, сондай-ақ қаржылық тәртіпті жетілдіруге мүмкіндік береді.