ChatGPT-ді ұзақ уақыт пайдаланғандар әртүрлі психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін – Мамандар

0
359

Жасанды интеллект мазасыздық, эмоциясын ұстай алмау, үнемі жалғыз қалуға асығу сияқты әрекеттерге апарады.


ChatGPT-ді ұзақ уақыт пайдаланғандар әртүрлі психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін – Мамандар

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Мамандар ChatGPT ботын ұзақ уақыт бойы пайдаланған адамдар әртүрлі психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін деп ескертті, деп жазады stan.kz.

Жасанды интеллект мазасыздық, эмоциясын ұстай алмау, үнемі жалғыз қалуға асығу сияқты әрекеттерге апарады.

OpenAI компаниясы сарапшыларының айтуынша, бүгінде нейрон желіні ақпарат көзі деп емес, досына айналдырғандар да бар екен. Әсіресе, жасөспірімдер боттан кеңес сұрап, ішкі сезімдерін бөлісетін көрінеді. Ал мамандар бұл өте қауіпті дейді. Өйткені жеткіншектер тек ChatGPT-мен сөйлесіп, қоршаған ортадан оқшауланады. Сондықтан мамандар жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде қарастыру керегін ескертеді.