COVID-19: Әлемдік рейтингіде Қазақстан тағы бір сатыға көтерілді

0
651

Ал жалпы әлем бойынша қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны – 16 млн 892 мың 319.


COVID-19: Әлемдік рейтингіде Қазақстан тағы бір сатыға көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстан коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте тағы бір сатыға жоғарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Өткен аптада ғана 72 мыңдай науқас тіркеліп 27-орында тұрсақ, енді бір апта ішінде оның қатары 13 мыңға өсіп, 26-орынға шықтық. Қытайдың өзі бізден кейінгі сатыда. Алдыңғы бестікте әдеттегідей – АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы.

Ал жалпы әлем бойынша қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны – 16 млн 892 мың 319. Қазір ақпарат кеңістігінде пандемияның әлі де бірнеше кезеңі жүруі мүмкін деген әңгіме тарап жатыр.

Бірақ оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоққа шығарды. Ұйым сарапшыларының топшылауынша, вирустың күздегі толқыны ұзақ, әрі бір қалыпты болады.